Астанада мұғалімдерге үстемеақы төленбеген

502

Прокурорлық тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталды.

Астанада мұғалімдерге үстемеақы төленбеген Фото: inbusiness.kz

Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтар мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн.теңгеден астам сомаға үстемеақы төлемеу фактілері анықталды.

Басқа жағдайда, 7 мектептерде қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.

Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу