Астанада мүгедек жандар үшін қоғамдық көлік қолжетімді болады

1076

Барлық бағыттағы автобустарда пандустар болады.

Астанада мүгедек жандар үшін қоғамдық көлік қолжетімді болады

Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады. Барлық бағыттағы автобустарда пандустар болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​Бүгінгі таңда елорданың автопаркінде 1134 бірлік жылжымалы құрам бар. Оның ішінде 872 автобус мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған механикалық және автоматты пандустармен жабдықталған. Бұл – қаланың барлық жолаушылар көлігінің 75%-дан астамы.

"Біз жолаушылар тасымалында әрбір жолаушы үшін ыңғайлы және жайлы болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Бұдан әрі барлық маршруттардағы қоғамдық көліктерде пандустардың болуымен қатар, жаңарту көзделген", – делінген Астана ЛРТ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, елорданың көлік кешенін дамыту аясында жабық үлгідегі аялдама павильондарын жобалау және орнату жұмыстары жүргізілуде, онда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тактильді плиткамен жабдықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу