Астанада мүгедектерге арналған киім мен аяқ киім шығару туралы меморандумға қол қойылды

1009

Астанада мүгедектерге арналған киім мен аяқ киім шығару туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар үшін арнайы киім мен аяқ киім шығаруды ұйымдастыру шараларын қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

ДСӘДМ хабарлағандай, мүгедектерге арналған киімдерді тігу мен аяқ киімді шығару барысында олардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерілетін болады.

Қазақстанда бүгінгі таңда мүгедектігі бар азаматтар үшін киім тігу бойынша өндіріс орындары жоқ. Сондықтан да аталған жоба өзекті болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу