Астанада мүмкіндігі шектеулі жаннан қомақты қаржы ұрлаған күдікті ұсталды

156

Ұсталған жігіт ұрлаған ақшаның бәрін жұмсап жіберген. 

 Астанада мүмкіндігі шектеулі жаннан қомақты қаржы ұрлаған күдікті ұсталды Фото: depositphotos.com

Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына күдікті 21 жастағы азаматты құрықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында ұсталған азамат зейнеткерден бірінші қарызға ақша сұраған, кейін зейнетақысының көп мөлшерде жиналғанын білген.

Осылайша мүмкіндігі шектеулі әжейдің банк қосымшасын өзіне жүктеп, зейнетақысын алып отырған. Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығын көлемі шамамен – 5,5 млн теңге.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу