Астанада мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті

847

Астанада мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті

Астанада мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының кезекті отырысы  өтті, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі.

Бүгін Астанада Мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясының отырысы өтті. Кездесу барысында Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Қытай, Ресей, Словакия, Украина және Чехия сынды ірі мұнай тасымалдау компанияларының басшылары экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен ұйымның 2018 жылға арналған шаралар жоспарын өзара келісті.

Тараптар жарық көздерінің тиімділігі, заңнамалық сұрақтар, мұнай жеткізілімі аясында МТХА-ның тұрақты эксперттік топтарының қызметін, биыл Чехия, Словакия, Венгрия және Қытай мамандары бірінші рет қатысқан "Үздік маман-2017" конкурсының нәтижесін саралады. Сондай-ақ, "Транснефть" ЖАҚ II халықаралық ғылыми-техникалық жастар конференциясының дайындығымен бірге басқа да мәселелерді ортаға салды.

МТХА-ның ашылу рәсімінде  "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов ұйымның кезекті отырысын Астанада өткізу қазақстандық компания үшін маңызды оқиға болып саналатынын баса айтты. 

"Біз 2017 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ құрылғанының 20 жылдығын атап өтудеміз - деп Димаш Досанов отырыс барысында хабарлады. – Қазақстандық мұнайқұбыршылар үшін мерейлі жылы ассоциация мүшелерін қабылдау жоғары мәртебе. Сондай-ақ, шара халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесімен дәлме-дәл келді. Осы кездесу мемлекеттеріміздің экономикалық тұрарақтылығын нығайтуына септігін тигізеді деп сенемін".

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Димаш Досанов, "МЕРО ЧР" бас директоры - МТХА төрағасы Станислав Бруна, "Транснефть" ЖАҚ президенті – МТХА төраға орынбасары Николай Токарев  Астанадағы кездесу Еуропа және Азияның магистральды мұнай құбырларын интеграциялау идеясының жүзеге асуына тәжірибе жүзінде ықпал етеді деген ой білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу