/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 20 947,78 FTSE 100 5 454,57
РТС 987,75 Hang Seng 23 205,47
KASE 2 206,47 Алтын 1 603,60
Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті

Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті

19 Мамыр 2018 18:52 477

Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті. Жиынның екінші күні мамандар жаңа кен орындарын іздеу, геологиялық барлау ғылымы секілді тақырыптарды талқыға салды. Сонымен қатар, мұнай газ саласындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғи қоры сарқыла бастаған кеніштердегі барлау-өндіру жұмыстарының жай-күйі де айтылды.

Қазақ мұнайының қара шаңырағы «Ембімұнайгаз» АҚ қазіргі таңда өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, мамандардың кәсіби біліктілігін арттырауға ерекше ден қойды. Аталған мекеме «ҚазМұнайГаз» компаниялар жүйесінде алғаш болып «цифрлық кен орын» концепциясын енгізді.

"Бұрғылау жұмыстарын көбейтіп жатырмыз. 2015 жылы бізде бес скважина қазылған болса, қазір 18 скважина қазамыз. Олар көбі барлау жұмыстары негізінен. Енді өндіру де соған сай көтеріледі", - дейді «ЕмбіМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

«ЕмбіМұнайГаз» компаниясы 2016 жылы кен орындарына цифрландыру жүйесін енгізді. Нәтижесінде «УАЗ» кен орнында электр энергиясына кеткен шығын 35 пайызға азайып, жөндеу аралық кезең мың жарым күнге ұзарған. Мұның барлығы өндірістің тиімділігін арттырады екен.

Тегтер:

Астана

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Астанада қар жауады

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

09 Қыркүйек 2018 22:26 831

Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 11-12 қыркүйек күндері түнде солтүстік өңірде жауын және қар жауады. Кей жерде ауа температурасы 1-3 °С дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, "112" қызметінен келген хабарламаға сәйкес, 11 қыркүйекте Астанада қар жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Елорданың шенеуніктері қыркүйектен бастап таксиге отырады

Қызмет көрсетуге конкурс өткізілді, бағдарламаға төрт таксопарк қатысады.

28 Тамыз 2018 14:18 370

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қала және аудан әкімдіктерінің аппараттары мен 18 қалалық басқарма үшін көлік қызметін жекеменшік компаниялар көрсететін болады. Бұл туралы қалалық ортаны регенерациялау орталығының басшысы Ғали Ісқалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

«Келесі жылы әкімдікке көлік қызметін жекеменшік компаниялар көрсетуге тиіс. Сондықтан бүгін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісіміне қол қойылады және қыркүйектен бастап жеке таксопарктер әкімдікке қызмет көрсете бастайды. Біз бюджет шығынын ең аз дегенде 20 пайызға азайтуды көздеп отырмыз, негізінде одан көп болуы мүмкін, яғни шенеуніктер жеке қызметтік көліктен бас тартады», - деді ол.

Оның айтуынша, Астананың автошаруашылығы коммуналдық кәсіпорыны 2018 жылы жекешелендіріледі. Алдын ала есеп бойынша, үнем 20 пайызды құрайды, бірақ болашақта 40 пайызға дейін көбеюі мүмкін, деді басқарма басшысы. Қазір түрлі басқармалардың қатынау лимиті - 800 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды, ал бір көліктің қызметіне айына - 450-500 мың теңге кетеді.

«Біз талдау жасағанда басқармалардың көлікпен қатынау көрсеткішін алдық. Бір басқарма күніне төрт рет қатынаса, кейбірі қызметтік көлікті бір күнде 20-30 рет пайдаланады. Орта есеппен бір көлікке 15  сапарды алдық. Қазір біз басқармадағы екі автокөлікке күніне 30 сапар үшін айына миллион теңге төлейміз. Егер ол 15 сапарды екі таксиге бөлетін болса, онда 30 сапар жол ақысы орта есеппен 1000 теңге деп алсақ 30 мың теңгеге шығады. 24 күн үшін 720 мың теңге», - деді шенеунік.

Қызмет көрсетуге конкурс өткізілді, бағдарламаға төрт таксопарк қатысады.

«Біз бүгін «Astana taxi» брендімен белгілі жекеменшік таксопарктер консорциумымен (төрт оператор) бес жылға келісім жасаймыз. Тарифтері қалада қолданылып жатқан бағадан арзан», - деді ол.

Жаңалықтарға жазылу: