Астанада мысық бейнеленген жаңа мурал пайда болды

131

Астананың Байқоңыр ауданында қала көркін толықтырған жаңа стрит-арт туындысы бой көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астанада мысық бейнеленген жаңа мурал пайда болды Фото: Астана әкімдігі

Мурал Таха Хусейн көшесі, 2/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Арт-нысанда қолына бутерброд ұстап, жайлы әрі көңілді күйде отырған мысық бейнеленген.

Ерекше әрі жылы композиция тұрғындардың көңілінен шығып, өтіп бара жатқандардың назарын аударып отыр. Қалада соңғы жылдары муралдар саны артып, олар көшелердің ажарын ашып, заманауи урбанистикалық орта қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Таха Хусейн көшесіндегі туынды да Байқоңыр ауданындағы стрит-арт нысандарының қатарын толықтырып, өзіндік дизайнымен ерекшеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу