Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты

656

"БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті, деп жазады inbusiness.kz ҚазМұнайГаздың мәліметіне сүйеніп. 

Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты Фото: бейнеден скриншот

ҚМГ байланыс тобы мен "БерӘлі Маңғыстау Company" өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады.

Комиссия құрамына "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді. Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу