Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Косманавтов көшесінен бастап М.Мақатаев көшесіне дейінгі учаскедегі Наркескен көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталады.
Осыған байланысты 17-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу