Астанада насыбай сатқан кәсіпкерлер жауапқа тартылды

242

Рейд барысында 200-ден астам нысан назарға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада насыбай сатқан кәсіпкерлер жауапқа тартылды Фото: Pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігі 2024 жылғы 18 наурыз бен 23 мамыр аралығында аудандық полиция бөлімімен, белсенділермен және жастармен бірлесіп, насыбай мен мен снюсты заңсыз сату бойынша кәсіпкерлік нысандарында рейдтер жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – шегілмейтін темекі өнімдерін пайдаланудың зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізу.

Рейд барысында 200-ден астам нысан назарға алынған. Нәтижесінде 64 факті анықталды, оның ішінде:

  • 42 шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай) өткізу фактісі. Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік хаттамалар толтырылды;
  •  Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 21 фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар түзіліп, 15 АЕК сомасында айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды;
  •  жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатудың 1 фактісі тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 423-1 бабы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану арқылы әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәркіленген шегілмейтін темекі өнімдері жойылды.

Сондай-ақ, рейд барысында шағын және орта бизнес субъектілерімен шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Жыл басынан бері темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды тұтынудың 270 фактісі анықталғанын атап өткен жөн. Бір ғана мамыр айында 42 факт тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу