Астанада науқастарды қорлаған студент сотталды

418

30 қазанда қалалық мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шықты. 

Астанада науқастарды қорлаған студент сотталды Фото: Aikyn.kz

Астанада қарттар мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған медицина университетінің студенті 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚР ҚК 1 және 2-тармақтарының 110-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушы кінәлі деп танылсын. Оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Үй қамақта болған студент сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырып, сотталушыдан екі жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңгеден өндіріп алу ұйғарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу