Астанада Наурыз бес алаңда мерекеленеді

786

Астанада Наурыз бес алаңда мерекеленеді

Астанада Наурыз мерекесі 5 алаң мен 10 тұрғын үй алаңында өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

"Хан Шатыр" ОСО-да Наурыз мерекесі 20, 21 және 22 наурызда тойланады. Атриумда үлкен сахна орнатылып, киіз үй тігіледі. Келушілер үшін қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 21 наурызда сағат 12.00-де ұлттық киім киген қыздар келушілерге бауырсақ ұсынады, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі қыран бүркіт мерекенің сәнін келтірмек. Көрермендер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталады. Көпшілік назарына акробаттар шоуы, "Шашу" биі ұсынылады. Шара соңында мықты жігіттер "Қазақ күресінде" шеберлік байқасады.

22 наурызда  "Керуен Сity" (бұрынғы "Мега") ОСО-да келушілерге бауырсақ пен басқа да тәтті-дәмділер таратылады. Сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады және аниматорлар көпшілік назарына қызықты шоу ұсынады.

"Мега" ОСО-да мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар таратылады.

"Сарыарқа" ОСО-да астаналықтар концерттік бағдарлама тамашалайды. "Аружан" ОСО-да ұлттық киім киген әртістер халықты қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм тату үшін киіз үйлерге шақырады.

Мереке соңында "Керуен Сity" (бұрынғы "Мега") сауда орталығының жанында ребрендинг құрметіне 22.00-де отшашу болады.

Сондай-ақ 21 наурызда мерекелік концерттер мен шаралар Пригородный және Үркер (Ильинка) тұрғын алаптарында, 22 наурызда Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алабында ұйымдастырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу