Астанада нейрохирургтар МӘМС-тің есебінен әйелге бірегей операция жасады

440

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері бірегей жоғары технологиялық операция жасап, барлық нервтерді сақтай отырып, пациенттің сегізкөзін алып тастады. 

Астанада нейрохирургтар МӘМС-тің есебінен әйелге бірегей операция жасады Фото: ҚР ДСМ

Невропатолог тағайындаған дәрі-дәрмектерден кейін сауықпаған бел мен аяқтың ауырсынуына байланысты дәрігерлерден көмек сұрады.

Бірақ невропатолог тағайындаған дәрі-дәрмекпен емдеу ауырсынуды жеңе алмаған кезде, рентгенологтар пациенттің сегізкөзінен қатерлі ісікті анықтады. Түркия мен Израилдің дәрігерлері 50 мың еуро тұратын операцияны ұсынды, бірақ оң нәтижеге кепілдік болмады. Сондықтан пациент Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандарынан көмек сұрауға шешім қабылдады.

Пациент  үшін бұтаралықтың  ұюы, несеп шығару проблемалары және иммобилизация сияқты жағымсыз салдарды болдырмау үшін дәрігерлер сегізкөзді бірнеше бөлікпен толығымен алып тастау, бірақ сол аймақтағы барлық нервтерді сақтау арқылы бірегей тәсіл жасады.

МӘМС пакеті шеңберіндегі операцияның құны шамамен 5 миллион теңгені құрады. Пациент  дәрігерлерге шебер жұмысы мен қымбат операцияны тегін жүргізу мүмкіндігі үшін үлкен алғысын білдірді.  Енді дәрігерлер сегізкөз сүйегін  титан имплантымен алмастыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу