Астанада нөсерден кейін су басқан аумақтарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

230

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астанада нөсерден кейін су басқан аумақтарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр Фото: бейнежазбадан

Астанада толассыз жауған жаңбырдан кейін су басқан аумақтарда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, ТЖМ бөлімшелері қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп, елорданың бірнеше ауданында су тасқынының салдарын жоюға жұмылдырылған.

Құтқарушылар су басқан көшелерде қалып қойған жеңіл көліктерді эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Сонымен қатар тұрғындарға көліктерінен шығуға, қауіпсіз орынға жетуге көмектесіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.

ТЖМ мәліметінше, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жалғасып жатыр.

Министрлік Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, аса қажеттілік болмаса су басқан жолдарға шықпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу