Астанада нөсерлік кәріз нысанының құрылысы аяқталды

968

Астанада нөсерлік кәріз нысанының құрылысы аяқталды

Астанада тағы бір нөсерлік кәріз нысаны салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әсет Исекешев Есіл өзенінің сол жағалауында салынған нөсер суынан тазартатын ғимаратты барып көрді.

"Астанада нөсерлік кәріз жүйесін дамыту жолдардың жабындысын, ғимараттар мен құрылыстардың негізі мен іргетасының сақталуын қамтамасыз етеді", - дейді қалалық әкімдіктен.

Тазалайтын ғимараттың қуаты тәулігіне – 19 590 кубометр (салыстырмалы түрде алсақ, бұл шамамен 4 мың жүзетін бассейн).

Шелектеп жауған нөсердің суы қалалықтар мен жергілікті билікті біраз әбігерге салып жүр. Себебі, сол жағалау жақта жауын-шашыннан жиналған суды реттеуге кәріз жүйесінің шамасы жетпеді әрі оған орын да қарастырылмаған болатын. 

Осыған байланысты, қала әкімдігі тұрып қалған суды тазарту және су тарту бойынша кешенді бағдарлама жасап шықты. Бағдарламада инновациялық технология және техникалық шешімдермен бірге, ең үздік әлемдік тәжірибелер де ескерілді. 

2017 жылдың соңына дейін тазартатын ғимарат кешені пайдалануға беріліп, Тұран даңғылынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейін және Есілден Кіші Талдыкөл өзеніне дейін су айдайтын коллектор іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу