23 қараша күні Астанада Нұрлы жол бульварындағы құрылыс алаңында контейнер өртенді, деп жазады inbusiness.kz.
Өрттің алдын ала аумағы 150 шаршы метрді құрайды.
"23 қараша күні сағат 00:59-да Есіл ауданындағы Қонаев көшесі бойында жаңадан салынып жатқан нысан аумағында құрылыс контейнерлерінен әкімшілік үй-жай өртенді. Оқиға орнында ТЖД, жеке құрамның 20 адамы мен 4 бірлік техника жұмыс істеді", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сағат 01:49-да оқшауланып, 02:03-те толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу