Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ҚР Тұңғыш президентінің ескерткіші алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бүгін әлеуметтік желіде Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ҚР Тұңғыш президентінің ескерткіші алынып тасталғаны туралы мәлімет тараған болатын. Қорғаныс министрлігі оны растап, ресми жауап берді.
"ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс министрлігі" болып өзгерді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университеті аумағында орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті ескерткішін ҚР Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Минисрліктің мәлімдеуінше, ескерткіш қазір қорғаныс мекемелерінің бірінің ғимаратына уақытша жеткізілген. Дайындық амалдары аяқталғаннан кейін ол музей ғимаратына қойылады.