Астанада өкпе обырының алдын-алу бойынша ашық есік күндері өтеді

372

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Астанада өкпе обырының алдын-алу бойынша ашық есік күндері өтеді Фото: men Today

Астана қаласының барлық тұрғыны мен қонағы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерден тегін жоғары білікті консультация алуына болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

2023 жылғы 29 шілдеде Ұлттық ғылыми онкология орталығы 1 тамыз – Дүниежүзілік өкпе обыры күні қарсаңында өкпенің қатерлі ісіктерінің профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күнін өткізеді.

"Бұл іс-шараның мақсаты – халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар ету. Жаныңызда жеке куәлігіңіз және барлық алдыңғы медициналық қорытындылардын, клиникалық-зертханалық зерттеулердің қолда бар нәтижесі болуы керек", – делінген хабарламада. 

Өтетін орны: Астана қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3, Клиникалық-диагностикалық емхана.

Дәрігерлердің консультациясына алдын ала жазылу керек. Сall-орталықтың бірыңғай нөмірлері : 8 (7172) 702-911, 702-900, жұмыс уақытында: сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін жүргізіледі, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу