Астанада оқушы мектеп қызметкерімен төбелескен

118

Жанжалға қатысушылар жауапқа тартылды. 

Астанада оқушы мектеп қызметкерімен төбелескен Фото: Бейнежазбадан

Полиция қызметкерлері елордадағы мектептердің бірінің аумағында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтап, оның жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 жастағы жасөспірім көлікпен оқу орнының аумағына заңсыз кірген. 

"Оған жасалған ескертуге ол агрессивті түрде жауап беріп, соның салдарынан жанжал туындаған. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сонымен қатар, көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасын бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Материалдар оның тұрғылықты жері бойынша профилактикалық шаралар қабылдау үшін жолданды.

"Заң мен тәртіп – балалар болатын орындарда қауіпсіздіктің негізі. Кез келген агрессия көріністері мен ережелерді әдейі елемеу қатаң түрде тоқтатылады. Полиция  тарапынан әрбір осындай жағдайға құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу