Оқиға елордадағы мектептердің бірінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана қаласының Білім басқармасы аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме беріп, факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, тексеріс нәтижесінде педагогтің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданған.
– ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкердің моральға қайшы қылық жасауы негізінде мұғаліммен еңбек шарты бұзылды, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу