Астанада жаңа оқу жылынан бастап мектептерде "8 минуттық көркем әдебиет оқу" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісі мен сөздік қорын дамытуға бағытталған. Енді әр ауысымдағы оқушылар сабақ басталар алдында 8 минут бойы көркем әдебиет оқиды.
Мамандардың айтуынша, тұрақты кітап оқу баланың есте сақтау қабілетін жақсартып, шығармашылық ойлауын дамытуға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар елордалық мектептерде оқушыларға арналған буккросинг және коворкинг аймақтары да жұмыс істеп тұр. Жобаға қатысып жатқан оқушылардың бірі бұл бастаманың кітап оқуға деген ынтаны арттыратынын атап өтті.
Мәселен, №56 мектеп-лицейінің оқушысы 8 минут ішінде 5 бет оқып, осы қарқынмен бір айда бір кітапты аяқтауға болатынын айтты.