Астанада оқушылардың тамақтану сапасы тексерілді

201

Сарапшылар білім беру ұйымындағы асхананың жұмысын бақылауды жүзеге асыратын бракераждық комиссияның жұмысына баға берді.  

Астанада оқушылардың тамақтану сапасы тексерілді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада ведомствоаралық сарапшылар тобы оқушылардың сапалы тамақтануын бақылауды жүзеге асыру үшін бірқатар мектепте болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бракераж комиссиясының құрамына ата-аналар мен мектеп әкімшілігі кіреді. Олар ыстық тамақ пен буфет тағамдарының сапасын бақылауға, сондай-ақ екі аптада бір рет ас блогындағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылауға міндетті.

"Тағам бағасын Білім басқармасы бекіткен. Біз балаларды дәмді, пайдалы және уақтылы тамақтандыруға міндеттіміз. Біздің мәзір белгіленген талаптарға сәйкес келеді, әр маусымда өзгереді. Асханада 12 қызметкер жұмыс істейді", - деді асхана меңгерушісі Татьяна Васильченко.

Сарапшылар әр оқушыға арналған тағамның құрамы мен мөлшерін, сондай-ақ тиісті құжаттардың дұрыстығын тексерді. Сарапшылар тексеру барысында кемшіліктер анықталмағанын атап өтті.

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев мектептегі тамақтану сапасы туралы айтты.

"Жалпы, бүгінгі таңда мектептегі тамақтану сапасы жақсы. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мәзір қайта қаралуы мүмкін. Келесі оқу жылында сапалы тамақтануға дайындық жұмыстарын осы жазда бастаймыз", - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, ведомствоаралық сарапшылар тобы сәуір айынан бастап қаланың 15 мектебінің асханаларына мониторинг жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу