Астанада спортшыларды олимпиадаға дайындау үшін қосымша қаражат қажет

559

Астана қаласында Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту  және Олимпадаға жатпайтын спорт түрлерін дамыту бойынша екі дирекция құрылған.

Астанада спортшыларды олимпиадаға дайындау үшін қосымша қаражат қажет Фото: inform.kz

Спортшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға дайындауда қаражат қажеттілігі 5 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеғали Кәрбозов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оның дерегінше, Астана қаласында Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту  және Олимпиадаға жатпайтын спорт түрлерін дамыту дирекциялары бар. Олар бойынша оқу-жаттығу үйірмелеріне қажеттілік 200 млн теңгені, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу қажеттілігі 289 млн теңгені құрап отыр.

2023 жыл Олимпиада ойындарына дайындық жыды екенін еске салған Еркеғали Кәрбозов осы саладағы қажетті шығындардың бюджет жобасында қамтылуы үшін, Мәслихат депутаттарынан қолдау сұрады. 

"Астанада Олимпиадалық спорт түрлерінен спортшыларды жабдықтауда қаражат тапшылығы 40 млн теңгені құрайды, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 11 млн теңгені құрайды.  Олипиадалық спорт түрлерінен спортшыларды дайындауда тағы бір проблемалық мәселе спортзалдарды жалға алу. Бокс, садақ ату, күрес секілді спорт түрлерінен залдарды 12 ай бойы   жалдауға кететін шығынды бюджеттен бөлінген қаражат өтемейді. Тапшылық  шамамен 85 млн теңгені құрайды. Өткен жылы Мәслихат депутаттарының қолдауымен бірінші рет Астана қаласында спорттық-медициналық орталық ашылған. Осы мекеме қызметіне жүгінетін Ұлттық құраманы медикамент құралдармен жабдықтауға қажеттілік 109 млн теңгені құрайды", деді Еркеғали Кәрбозов. 

Сондай-ақ, Астана қаласының спорт басқармасы "Арғымақ" жылқы-сауықтыру мекемесі мемлекеттік-қазыналық кәсіпорнын құру жұмыстарын жүргізуде. Оған 493 млн теңге шамасында қаражат қажеттілігі туындап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу