Астанада оң және сол жағалау арасында қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылды

375

Астанаға жаңа автобустар келуіне байланысты 4 қарашадан бастап "Үркер" тұрғын алабы мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы арасында қатынайтын жаңа №66 бағыт іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада оң және сол жағалау арасында қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылды Фото: halyq-uni.kz

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.

Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ "Үркер" ТА мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәжімеденов, Керей, Жәнібек хандар, Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне тасымал қызметін көрсетіп, сондай-ақ "Үркер" тұрғын алабы ішін қоғамдық көлікпен қамтиды.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу