Астанада өнер адамдары қар күреп, коммуналдық қызметкерлерге көмектесті

306

Қар күреуге 100-ден астам өнер адамы атсалысты. 

Астанада өнер адамдары қар күреп, коммуналдық қызметкерлерге көмектесті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада толассыз қар жауып, коммуналдық қызметкерлер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Оларға көмекке бұл жолы өнер адамдары келіп, қалың қар басқан желекжолдар мен жаяу жүргіншілер жолын тазартты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл коммуналдық қызметкерлерге айтарлықтай көмек болды.  Елорданың мәдениет басқармасы мұндай акцияны дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.

"Білесіздер, қатты қалың қар жауып жатыр. Коммуналдық қызметкерлерге көп-көп рақмет. Барын салып тазартып жатыр. Біз де үлесімізді қосайық деп іске кірістік. Тек мәдениет саласының адамдары ғана емес, Астана қаласының жастары да жалғыз басты аналарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға үйлерінің аулаларын тазартып, қызмет етіп жатыр", - деді актер Асылхан Төлепов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу