Астанада өңірлік БАҚ форумы өтіп жатыр

572

Бүгін "Қазмедиа" орталығында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада өңірлік БАҚ форумы өтіп жатыр Фото: adyrna.kz

Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өңірлік БАҚ форумын Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов ашты.

"Форум барысында медиа саласында туындаған бірқатар мәселені қызу талқылау, ой-пікірлерді ортаға салу жоспарланып отыр. Іс-шараның басты мақсаты - заманауи медиа саласы бойынша оңтайлы тәсілдер қарастырып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, оған қоса мерзімді баспасөз саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бүгінде БАҚ бәсекеге қабілетті әрі еркін болуы керек екенін атап өтті. Бұл қағидат кез келген өркениетті мемлекет үшін маңызды болып қала бермек", - деді модератор форумның ашылу салтанатында.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, бүгінде мерзімді баспасөз саласында бәсекеге қабілетті болу үшін ақпараттың сапасына айрықша назар аудару қажет.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы медианы одан әрі дамыту үшін министрлік жыл сайын өткізіп отыратын "Тұмар" мен Astana Media Week іс-шараларында өңірлік БАҚ саласына қатысты мәселелер қозғалатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу