Күдікті сатып алушылардың сеніміне кіріп, алдын ала төлем жасату арқылы 15 мың теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз иемденген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған дерек бойынша алаяқтық негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Полицейлер бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, күмәнді ұсыныстар мен әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сене бермеуге кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу