Кәсіби спортшылар мен әуесқойлар "Өзін өзі анықтау" атауымен өткен ультра-марафонға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Дәстүрлі алты және 12 сағаттық жүгіру марафоны 2 қаңтар күні "Алатау" спорт ғимаратында болып өтті. Қазақстандықтардан басқа өз күшін сынап көруге өзге елден келген ресейлік пен қырғызстандықтар да қатысты. Іс-шараға 50-ге жуық адам қамтылды.
Қорытынды бойынша ең төзімділері ескерткіш сыйлықтар мен дипломға ие болды. Осындай әдіс арқылы ұйымдастырушылар ұзақтыққа жүгіруді танымал дәстүрге айналдырып, қазақстандықтарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырмақ.
Спорттық іс-шараны Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырды.