Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде ғимаратты қою түтін басқан. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру жұмыстарын бастап, жалынның жоғары қабаттардағы бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру барысында түтін басқан бөлмеден 2002 жылы туған қыз құтқарылды.
Өрт толықтай сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу