Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 2-қабаттағы пәтерден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"21 ақпанда сағат 12-26-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайына шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды", делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өртті сөндіру барысында құтқару маскалары мен автокөлік сатыларының көмегімен 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала және 125 адам эвакуацияланды.
"Жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері 6 адамға, (үшеуі бала) медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізді", - дейді ведомстводан.
Тілсіз жаумен күреске жеке құрамның 18 маманы және 4 техника жұмылдырылды.