Астанада Орталық Азиядағы ірі ауыл шаруашылық өндірушілері жиналды

616

"Asia Grains & Oils Conference in Qazaqstan 2022" халықаралық конференциясына қатысушылар нарыққа әсер ететін негізгі факторларды талқылауда.

Астанада Орталық Азиядағы ірі ауыл шаруашылық өндірушілері жиналды Фото: inbusiness.kz

Конференция спикерлері жаһандық трендтер, инвестжобалар, астық пен биоотынды терең өңдеу нарығы, логистика нарығының даму тенденциялары мен болжамдарына қатысты талқылау жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан астықтан  соңғы 10 жылда ең көп өнім жинады. Бұл экспорттаушылар үшін керемет мүмкіндік сияқты болып көрінгенмен, логистикалық проблемалар бұл әлеуетті іске асыруға мүмкіндік бермей отыр.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің жетекші өңірлік экономисі  Эрик Ливнинің айтуынша, қазіргі геосаяси жағдай Қазақстанның  логистикалық әлеуеті үшін бір жағынан қиындықтар туғызды, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Оның сөзінше  Қазақстан тарапы балама логистикалық мүмкіндіктерді іздеуде, алайда олардың барлығы бірдей тиімді әрі өзін-өзі ақтайтын жоба болмауы мүмкін.

Жиынның бірінші күні экономикаға, логистикаға және астық өңдеуге арналды. Конференция спикерлері жаһандық трендтер, инвестжобалар, астық пен биоотынды терең өңдеу нарығы, логистика нарығының даму тенденциялары мен болжамдарын талқылады.  

Конференцияның екінші күнінің басты назарында – дәнді және майлы дақылдар нарығы мәселесі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу