Астанада өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді

281

Елордалықтар үшін шұғыл хабарлама жарияланды.  

Астанада өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ресми хабарламаны Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Құрметті  Астана  қаласының  тұрғындары  мен  қонақтары!  2025  жылғы  18  желтоқсанда Мәңгілік  ел  даңғылы,  54  мекенжайында  орналасқан  Orynbor Towers-3 тұрғын үй  кешенінде  өрт-тактикалық  оқу-жаттығу  өткізілетін  болады.  Аталған  оқу-жаттығуға  Астана қаласы Төтенше жағдайлар  департаментінің 6 бірлік техникасы мен 25 қызметкері жұмылдырылады.

Осыған байланысты  Астана қаласы ТЖ департаменті  қала  тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрайды", – деп жазылған ТЖД баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу