Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Open Air концерттері өтті

560

Биыл 7 мамыр күні елорданың ашық алаңдары мен саябақтарында Отан қорғаушылар күніне орай концерттер өтті. 

Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Open Air концерттері өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мерекелік кешке эстрада әртістері мен қаланың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мерекенің негізгі орны әдеттегідей Бәйтерек монументінің жанындағы алаң болды. Мұнда "ОТАНЫМ – АМАНАТЫМ" концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. 

Сахнада Qanay, "Заман" тобы, Дос, Ayree, Еркеш Хасен, Ғаділбек Жанай, Ибрагим Ескендір және өзге де отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

"Астанада әрбір мереке қашанда ауқымды және үлкен дайындықпен өткізіледі. Біз отбасымызбен бірге алаңға, саябақтарға шығып, көңіл көтеруге тырысамыз, мұнда ылғи да концерттер мен интерактивтер өтеді. Бүгін олар да Бәйтерек маңындағы концертке қатысты. Жұрт риза, көңіл-күйлері керемет. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық мәңгілік болсын!" – деп тіледі астаналық Мәриям Нұршайыхова.

Концерт Студенттік саябақта да жалғасты. 

Open Air халықаралық ЭКСПО көрмесінің аумағында да өтті. Оны Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ұйымдастырды.

"Мереке қарсаңында біздің театр елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнап концерт өткізеді. Көрермендерге "Екі махаббат" репертуарындағы әндер, билер мен үзінділер ұсынылды. Актерлер Абай спектаклін қойды. Көрермендерге "Тыныштық күзетшісі" атты соғыс туралы спектакль көрсетілді", деді театрдың әдеби бөлімінің меңгерушісі Рухия Бақытбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу