Астанада "Otbasy Duatlon-2023" спорттық шарасы өтеді

625

Otbasy Duatlon 2023 – балалар жылына арналған дуатлоннан (жүгіру+велоспорт) отбасылық жарыс.  

Астанада "Otbasy Duatlon-2023" спорттық шарасы өтеді Фото: давай сходим

24 қыркүйек, жексенбі күні елордадағы триатлон саябағында Otbasy Duatlon 2023 спорттық шарасы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Байқауға балалардың 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11 жасқа дейін және 12 жастан 13 жасқа дейінгі (ата-анасының жасы маңызды емес) жас санаттары бойынша қатысуға рұқсат етіледі.
Жүгіру (әке) – 2,1 км;

Велосипед жарысы (ана) – 2,1 км;

Жүгіру (бала) – 200 м.

Спорттық шараны алдымен әкелер бастайды, содан кейін эстафетаны аналарға береді және транзиттік аймақта күтеді. Аналар екінші болып велосипедке мініп, эстафетаны балаларына береді. Балалар үшінші болып жүгіріп, мәреге жетеді.

Мәре сызығын I, II және III болып аяқтаған отбасылар жеңімпаз болады. Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты бағындырған уақыт бойынша анықталады.

Барлық қатысушыларға медальдар беріледі, ал жеңімпаздар 1, 2, 3 орындар үшін дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, тіркеу нөмірлері 24 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу