Осы орайда мерекеге орай, алғаш рет "Koktal run" жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шарада 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.
"Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз. Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Аталмыш сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет. Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық", – деп Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин өз пікірін білдірді.
Жеңімпаздар:
5 шақырым. Ерлер:
1-орын – Нұрбек Борин 18:45;
2-орын – Асылхан Нақыш 18:46;
3-орын – Юрий Какуркин 19:05.
5 шақырым. Әйелдер:
1-орын – А. Мороз 25:55;
2-орын – Ұ. Талап 26:38;
3-орын – Айнұр Саттыбаева 26:45.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ұлдар.
2 шақырым.
1-орын – Әлихан Оспанов 7:20;
2-орын – Ерасыл Абсамет 7:27;
3-орын – Думан Рахиберды 7:33.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қыздар.
1 шақырым.
1-орын – Қ. Есеркепова 3:55;
2-орын – У. Қуандық 3:57;
3-орын – І. Сері 4:02;
3-орын – М. Еремина 4:02.
Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болды.