Астанада өтетін Азия чемпионатына 24 елден 300 спортшы қатысады

637

Бұл чемпионат Азия ойындарының және Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі.

Астанада өтетін Азия чемпионатына 24 елден 300 спортшы қатысады Фото: olympic.kz

36-шы Азия чемпионатына  Азия құрлығының 24 елінен 300 жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"9-14 сәуірде Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен 36-шы Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа Азия құрлығының 24 елінен 300 жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олардың ішінде жетеуі - Олимпиада ойынының жүлдегері, бесеуі - Әлем чемпионаттарының жеңімпазы. Бұл чемпионат Азия ойындарының және Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып табылады", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу