Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне арнайы автобустар қатынайды

202

13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. 

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне арнайы автобустар қатынайды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

1. Салтанат Сарайы;

2. "Әзірет Сұлтан" мешіті;

3. Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу