Астанада өтетін Еуразиялық құрылтайға 8 елден келген әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады

233

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған Еуразиялық құрылтайға жалпы 600 адам тіркелген.  

Астанада өтетін Еуразиялық құрылтайға 8 елден келген әлеуметтік кәсіпкерлер қатысады Фото: Al-wind.ru

14-15 қараша күні елордада өтетін құрылтайда әлеуметтік топтағы мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері мен еліміздің белсенді азаматтарына қандай мемлекеттік не халықаралық қолдау шаралары көрсетілетіні туралы толыққанды ақпарат беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Құрылтай барысында әртүрлі пленарлық отырыстар, бетке ұстар кәсіпкерлер тауарларының көрмесі өтеді. Форумға 600-ден астам қатысушы тіркелген. 

Шетелдік қонақтар да шақырылған. 8 елден кәсіпкерлер мен сала мамандары келеді деп күтілуде. Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысады. Ұйымдастырушы ретінде тек Әлемдік инноваторлар қауымдастығы атынан 16 елден 104-ке жуық қатысушы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу