Астанада өтетін марафонға 20 мемлекеттен 4 мыңға жуық адам қатысады

471

Дәстүрлі Astana Marathon-2018 халықаралық марафоны 16 қыркүйек күні өтеді.

Астанада өтетін марафонға 20 мемлекеттен 4 мыңға жуық адам қатысады

16 қыркүйек, жексенбі күні дәстүрлі Астанада Astana Marathon-2018 халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Спорттық шараға қатысуға Қазақстаннан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет танытқан.

Марафонға 5000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, оның 320-сы – шетелдік агенттер. Марафон қашықтығының бағытын  IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған. "Astana Marathon-2018" жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42,2 шақырым, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 шақырым қашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу