Астанада өтіп жатқан президент кубогының жүлде қоры 225 мың долларды құрайды

828

Астанада өтіп жатқан президент кубогының жүлде қоры 225 мың долларды құрайды

Астанада өтіп жатқан теннистен халықаралық "2017 жылғы Президент Кубогының" жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Турнирге әлемнің 30 елінен 200 теннисші қатысып жатыр. Олардың арасында әлем рейтингінің топ жүздігінің қатарына енген спортшылар бар. Ел теннисшілерінің атынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина мен Камила Керімбаева шығады.

Турнир 17-23 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығында өтеді. Осы аралықта "Astana Masters 127under Presidents Cup" балалар турнирі мен "Astana Open" әуесқой теннисшілер турнирі өткізіледі.

Айта кетерлігі, әр жылдары President's Cup турниріне қазақстандық Андрей Голубев (екі рет), Михаил Кукушкин мен Галина Воскобоева (жұппен) қатысып топ жарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу