Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмады?

Мұның себебін Бағдат Мусин түсіндірді. 

Астанада өткен сенбіде не себепті интернет болмады? Фото: Masa Media

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанада 26 қараша кешке қарай не себепті интернет болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сол күні кешкі сағат тоғыз шамасында Мемлекеттік техникалық қызметі тиісті ақпаратты берген болатын. Олар тиісті интернет шлюзді қадағалайды. Сол интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде ақау болған. Осының салдарынан интернет шлюздің жұмысы тоқтап қалды. Электр жабдықтары іске қосылған соң интернет қайтадан қосылды", - деді Бағдат Мусин Сенат отырысынан кейін тілшілердің сауалдарына жауап бере отырып.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу