Астанада өткен шахмат турниріне 60 оқушы қатысты

1273

Астанада өткен шахмат турниріне 60 оқушы қатысты

Балалар құқығын қорғау күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебімен бірлесіп, қала мектептерінің оқушылары арасында дәстүрлі шахмат турнирін ұйымдастырды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Жарысқа елорданың әр ауданынан 20 жас шахматшы қатысты. "Үздік гроссмейстер" атағына 12 жасқа дейінгі және ересектер болып, екі санат бойынша, барлығы 60 оқушы сайысқа түсті. Турнир швейцар жүйесі бойынша 3 кезеңнен тұрды.

Бұл айтулы мерекемен мектеп оқушыларын құттықтау үшін Астана қаласының ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Кұмырбекұлы Шалданбаев,Астана қалалық ІІД кадрлық жұмыстар басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Байтұрсынұлы Далишев және жоғарғы спорт мектебінің жетекшісі Рүстем Ілиясұлы Калин арнайы келді.

1999 жылдан бері "Асар" клубында 3000-нан аса жастар тегін дайындық курсын өткен. Клубтың тәрбиеленушілерінің шахматтан бөлек, армрестлинг және көркемөнер шығармашылығымен де айналысуға мүмкіндігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу