Астанада шахматтан командалық әлем чемпионатының тоғызыншы әрі шешуші туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Командалық шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы бесінші орыннан көрініп отыр.
Жалпы, аталмыш додаға әлемнің үздік он елінің қыздар құрамасы өзара бақ сынасқан болатын. Қазақстан қыздар құрамасы атынан ел намысын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Гүльмира Даулетова қорғады.
Он команданың арасындағы тартысты сайыста (қыздар құрамасы): 1-орынды – Қытай 2-орынды – Ресей, 3-орынды Грузия иемденсе, 4-орында Украина тұр. Қазақстан қыздары 5-орынға тұрақтады, 6-орын Үндістанға бұйырды, АҚШ-7 орынды місе тұтты. 8-орын – Армения, 9 орын – Мажарстан, 10-орында Мысыр тұр.
Ал ерлер құрамасынан ел намысын Ринат Жұмабаев, Әнуар Есмағамбетов, Мұртас Қажгалеев, Денис Махнев және Петр Костенко қорғаған еді.
Ерлер арасындағы командалық чемпионатта Қазақстан құрамасы сегізінші орында тұр.
Ерлер командаларының рейтингі:
1-орын – Ресей
2-орын – Ұлыбритания
3-орын – Қытай
4-орын – Үндістан
5-орын – АҚШ
6–орын – Иран
7-орын – Әзербайжан
8-орын – Қазақстан
9-орын – Швеция.
Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты 4 наурызда басталып, кеше аяқталды.