Астанада өткен жүгіруге 1 мыңға жуық адам қатысты

93

Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады. 

Астанада өткен жүгіруге 1 мыңға жуық адам қатысты Фото: Астана әкімдігі

4 шақырымдық қашықтыққа жалғасқан жүгіріс Арбаттағы Кенесары хан ескерткішінің алдынан басталып, Ырыскелді қажы мешітінің жанында мәресіне жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Астана – есірткісіз қала" ұранымен кезекті жүгірісімізді ұйымдастырдық. Бұл жолы жүгіру бағыты жаңартылды. Кезекті рет қатысушыларымыз Есіл өзенінің бойымен жаңа бағытта жүгірді. Қатысушылар әсерлерімен бөлісіп, разы болып жатыр. Сондай-ақ жүгірісіміз жиі ұйымдастырылса да медальдарымыз үнемі жаңартылып тұрады. Бұның өзі қосымша эмоция беретіндігі сөзсіз. Жүгірістің арқасында қала тұрғындары демалыстың таңын спортпен бастауды әдетке айналдырып келеді. Қазірдің өзінде отбасымен бірге толықтай қатысатындардың саны артып жатқаны анық байқалады. Елордамызда жүгіру мен велошеруден өзге бұқаралық спорттың да түрін өткізуге атсалысып жатырмыз", – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Жарысқа 1000-ға жуық әуесқой жүгіруші қатысып, 9:00-де 4 шақырымдық қашықтықты бастап кетті.

"10 жылдан астам уақыт бойы жүгіріп келемін. Бүгінде жүгіру әдет болып кетті. Салауатты өмір салтын өзім арқылы насихаттағанның арқасында өзге таныстарым да осы жолды таңдады", – деді жарысқа қатысушы Жансұлтан Қалдаров.

Бұқаралық жүгірістің соңында әдеттегідей қатысушылардың арасында велосипед ойнатылып, естелік медаль берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу