Астанада өткен жылы лифті жұмысына қатысты 3,5 мыңнан аса өтінім түскен

965

Лифтілерді күтіп ұстауға жұмсалатын тарифтерді талдау бойынша жұмыс жүргізіліп, тариф пайдалану шығындарын ғана емес, күрделі жөндеу жұмыстарын да өтей алатындығы анықталды.

Астанада өткен жылы лифті жұмысына қатысты 3,5 мыңнан аса өтінім түскен

2018 жылдың ішінде Астанадағы лифті саны 580-ге артып, бүгінде 7 323 бірлікті құрап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

"Өткен жылы тұрғындардан лифтілердің жұмысына қатысты 3580 өтінім келіп түсті. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бірқатар жүйелік мәселелер  анықталды. Яғни көбінесе лифті компанияларының жұмысының сапасы бойынша, одан соң қысқа мерзімдерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі, лифтілердің қанағаттанарлық емес жағдайына қатысты және лифті жоспарлы емес түрде тоқтатылған кезде ішінен тұрғындарды уақытылы эвакуацияламау секілді шағымдар", – деді Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев. 

Оның айтуынша, анықталған проблемаларды жою үшін тиісті жұмыстар атқарылды. 

"Лифт компанияларының жұмысының сапасына шағымдардың берілу себебі лифті компанияларының тарапынан оны техникалық сапасыз күтіп ұстауы. Осы бағытта лифтілерді күтіп ұстауға жұмсалатын тарифтерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді. Талдау қолданыстағы тариф пайдалану шығындарын ғана емес, күрделі жөндеу жұмыстарын да өтей алатындығын көрсетіп отыр. Осыған байланысты, лифті компанияларымен жасаған бірлескен жұмыстың нәтижесінде лифті ұйымдарының қаражаттары есебінен 87 лифтіге, оның ішінде  жүйелі түрінде шағым түскен 5 лифтіге күрделі жөндеу жүргізілді", – деді ол. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы лифтілерде орын алатын бұзақылық оқиғаларына да тоқталып өтті. 

"Лифттердің бұзылуын болдырмау мақсатында 2018 жылы медиа-кешендердің 780 бірлігі орнатылды (бейнекамера және т.б.,).Жоба 100% инвесторлардың есебінен жүзеге асырылды. Осы жүйені енгізудің нәтижесінде соңғы 2 айда ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 адам тартылды" – деді Төлеген Құлұшев.

Төлеген Құлұшевтің мәліметіне сүйенсек, саладағы мәселелерді шешу мақсатында лифті компанияларының басшыларымен кездесулер өтті. Оның нәтижесінде адамдарды эвакуациялауға жедел қою бойынша өзара келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, лифті бойынша 3208 бірыңғай апаттық-диспетчерлік қызметі құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу