Астана қаласында Атырау көпірі маңында суға батып бара жатқан қыз құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы 112 пультіне хабарлама түскен.
Есіл өзенінің жағасында орналасқан ТЖМ құтқарушылары заманауи қайықпен оқиға орнына жедел жетіп, шамамен екі шақырым қашықтықты қысқа уақытта еңсерген.
Құтқарушылар келгенге дейін қызға сол маңда жүрген байдарка қауымдастығының мүшелері көмек көрсетіп, оны су бетінде ұстап тұрған.
1991 жылы туған әйел жағаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу