Оның ішінде 13 адам қамаққа алынса, 7 адамға жалпы сомасы 1,3 миллион теңге айыппұл салынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен бірге вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Мысалы, астаналық тұрғын осы жылдың 14 ақпанында бала арбасын қасақана зақымдағаны үшін сотпен 20 тәулікке қамаққа алынып, ол өз әрекетімен 30 мың теңгеге шығын келтірді.
Келесі оқиғада 44 жастағы ер адам мас күйінде кафе есігінің әйнегін сындырған. Ол 5 тәулікке қамалды.
Ұқсас жағдай 11 қаңтарда 21 жастағы азаматша Toyota автокөлігінің алдыңғы есігін қасақана зақымдаған. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай заңсыз әрекеттері үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылатынын ескертеді.