Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

596

Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады.  

Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді Фото: inform.kz

Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Тайланд спортшылары бақ сынайды. Бұл туралы  inbusiness.kz Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.

"Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.

Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін", - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу