Астанада пәтер иелерінің өтінішімен 13 002 азамат тіркеуден шығарылды

807

Астанада пәтер иелерінің өтінішімен 13 002 азамат тіркеуден шығарылды

Пәтерде тұрмайтын, бірақ құжат бойынша тіркеуде тұрғаны үшін 81 үйдің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

2017 жылдың сәуір айынан Астанада көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері есебінен мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуге кіріскен.

"Бүгінгі таңда 561 мекен-жай тексеруден өтті. Негізінде сол пәтерде тұрмайтын, бірақ құжат бойынша тіркеуде тұрғаны үшін 81 үйдің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иелерінің өтініші бойынша, 13 002 азамат тіркеуден шығарылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Астанада ресми статистикаға жатпайтын 77 мың шетел азаматы және шамамен 200 мың азамат уақытша тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Әсет Исекешев елбасының қабылдауында болды. Кездесу барысында президент елорда тұрғындарының тіршілік әрекетіне байланысты бірқатар тапсырма берген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу