Астанада пәтер иесін ұрып-соққан ер адам 30 тәулікке қамалды

291

Астанада жалдап тұрған пәтерден шығудан бас тартып, үй иесімен жанжалдасқан 22 жастағы ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада пәтер иесін ұрып-соққан ер адам 30 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Полицияның мәліметінше, пәтер жалдаушы тұрғын үйден кеткісі келмеген. Соның салдарынан пәтер иесі мен ер адамның арасында жанжал туындап, арты балағат сөздер мен төбелеске ұласқан.

Оқиғаға қатысты ер адам ұсталып, қазір қамауда отыр. Сот шешімімен пәтер иесін ұрғаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу